Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

COVID-19

c 17:08, 15/04/2020 c 329

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн-брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді. Алты науқастың төртеуі Батыс Қазақстан облысының, екеуі Ақтөбе облысының тұрғыны. Бірінші жағдайда, науқас Ресей Федерациясынан келді. Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" бекетінде СКП қызметкерлері сауалнама толтыртып, байланыссыз термометриямен тексергенде ешқандай шағымы болмаған. Келген сәттен бастап үй карантинінде, қоңырау шалу арқылы медицина қызметкерінің бақылауында болған.ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.