Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

COVID -19 күзде қайта ушығуы мүмкін

c 11:00, 25/04/2020 c 515

0:00 / 0:00

COVID -19 күзде қайта ушығуы мүмкін. Бұл жайында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Бұл жайында ол шұғыл салынған аурухананың ашылу рәсімінде айтты.   Кеше Нұр-Сұлтан  қаласында 200 орынға арналған заманауи жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталып, тапсырылғанды. 13 күнде салынып біткен арухананы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі барып көрді.

Бұған дейін хабарланғандай, ресупбликаның ең ірі үш қаласында – Алматы, Нұр-Сұлтан әжне Шымкентте қысқа уақытта жұқпалы аурурулар ауруханасын салу туралы шешім шыққаны мәлім. Кеше  Нұр-Сұлтан қаласында 200 орынға арналған заманауи жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды. Нысан 13 күннің ішінде салынып бітті. Бұл жерге COVID -19  вирусын жұқтырған науқастар жатқызылады. Айта кету керек, аурухана уақытша салынған нысан емес. BI GROUP құрылыс компаниясы 1300 жуық адамды жұмылдырып, салған аурухана 50 жылға арналған.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ауруханың құрлысымен танысып,  ұжыммен кездесті.  Аталмыш аурухананың ерекшелігін баяндаған министр Біртанов, коронавирус індеті күз айларында қайта өршуі мүмкін деген болжам айтты.

Өз кезегінде мемлекет басшысы аты жаман аурудың таралуын азайту мақсатында енгізілген карантин режимі халық үшін оңайға соқпай отырғанын, әсіресе бизнеске соққы болғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан ары қандай шешім қабылданатыны жайында келесі аптада үндеуімде айтамын деді.

Президентпен кездескен жаңа аурухана дәрігерлері өз өтініштерін де айтып қалды. Медицина қызметкерлері жұқпалы аурулардан емедйтін дәрігерлердің жалақысын көтеруді өтінді. Бұл орайда, Президент  денсаулық сақату министрлігінде реформа жүргізіп,  санитарлық дәрігердің қызметіне өзгеріс енгіземіз деді.

Елде карантин мамыр айына дейін созылғаны мәлім. Ал санитарлар мамырда қауіпті індеттің таралуы өршитінін, сондықтан әлі де үйде отыру қажеттігін айтуда. Осыған қарағанда, қазақстандықтар мамыр айын да карантинде өткізетін сияқты. Ал карантинде отырған қазақстандықтарға мәдениет министрлігі онлайн концерттер мен  Алтын қордағы киноларды ұсынуда.

Министр Ақтоты Райымқұлованың  айтуынша, карантин режимі енгізілген уақыттан бастап елімізде онлайн форматта 15 мың іс-шара өткізілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.