Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"City Center" жарықсыз қалды

c 18:25, 27/06/2019 c 780

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы ең ірі сауда орталығы "City Center" жарықсыз қалды. Оған себеп Әлия Молдағұлова көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарындағы жіберілген қателік болып отыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания электр желісін таратын кабельді зақымдаған. Соның кесірінен ірі ойын сауық орталығы кешкі 4-ке дейін жарықсыз қалды.

Бүгін таба тал түсте "City Center" орталығы жарықсыз қалып, сауда үйіндегі барлық бизнес субьектілері өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Жол жөнеу жұмыстарын жүзеге асырып жатқан "Бірлік" компаниясы "Серік" өндірістік жабдықтау кәсіпорынына тиесілі электр кабілін үзіп кеткен. Оқиға түсте орын алды. Құрылыс жұмыстарынан зардап шеккен "Серік"ӨЖК" аталмыш учаскіні жобалау барысында біздің компаниямызбен ешкім кеңеспеді, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат алмады,- дейді. Бұл Әлия Молдағұлова көшесінде жүргізіліп жатқан кезде, орын алып жатқан бірінші апат емес. Өткен жексенбіде аталмыш компания құрылыс жұмыстары барысында қазақтелекомға тиесілі ТДК-42 телеарнасының хабар таратуына арналған кабельді үзіп кеткенді.

Оқиғаның неліктен орын алғандығын білмек мақсатта құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан "Бірлік" компаниясына қоңырау шалып көрген едік, мердігерлер болған оқиғаға байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Ал, қаламыздағы автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігіне жауапты бөлімнің басшысы сағат төрттерде жарықтың берілгендігін айтып, кінәлі тұлғалардың анықталатындығын жеткізді. Ал, кабель тиесілі компанияларымен неліктен кеңеспегендіктерін сұраған кезде, былай деп жауап берді.

Жарықтың жоқтығынан зардап шеккен бизнес субьектілері пайдамыздан тағылдық, азаматтардың сенімін ақтай алмай, өнімдеріміз бұзылып, үлкен шығынға тап болдық,- дейді. Ал, "Мама мия" мейрамханасы электр жарығының болмауына байланысты мерекелік жиынды ұйымдастырудан бас тартқан.

Жарық орталыққа төрттер шамасында берілді. Сала мамандары апатқа жауапты мамандарды анықтаймыз деп отыр. Алайда, жобалау барысында орын алған олқылықтардан ойын сауық орталығы қанша зардап шегетіндігі белгісіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.