Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бұрынғы қайын атасы мен енесін атып өлтірген Дәулетшин 19 жылға сотталды

c 13:24, 13/09/2018 c 692

0:00 / 0:00

БҚО мамандандырылған ауданаралық соты осындай үкім шығарды. Бірнеше адам қанын мойнына жүктеген аты шулы қылмыстық істе айыпталушыға тағайындалған жазаны жәбірленушілер әділ деп санайды. 2018-жылдың 10-мамырында Орал қаласында тіркелген қанды оқиға бір отбасыны ойрандап кетті. Абдрахмановтардың үйіне келген бұрынғы күйеу балалары Рустам Дәулетшин алдымен өзіне есік ашқан қайын енесін атып, артынан қайын атасын да оққа ұшырды. Мұның бәрі Рустамның бұрынғы әйелі- Надия Абдрахманова мен 8 жасар ұлының көз алдында болған. Енді осы қылмыстық істе сот кінәлі деп танылған Рустам Дәулетшинді 19 жыл бас бостандығынан айыруға үкім етіп отыр.

-"Дәулетшин ҚР қылмыстық кодексінің 93 бабы, 2 бөлімі, 13 тармағы бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айрылады. сондай-ақ 287 баптың 3 бөлімі , 3 тармағына сай 3 жыл қосылады. Сот жасаған қылмыстарын ескере отырып, 19 жылға қамауға алу туралы үкім шығарады",-БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Бахыт Ермаханов.

Жәбірленуші тарап шығарылған үкіммен келіседі. Сондықтан істі қайта қарау жөнінде сұраныс жасалмады.

-"Менің қорғауымдағы азаматша сот үкімін әділ деп санайды. Және оның тағайындалуымен де келседі. Сондықтан үкімді қайта қарауға жіберу туралы ойламаймыз",-дейді жәбірленушінің қорғаушысы Руслан Аминов.

Айта кетейік, аталмыш сот процесіне алқа билер қатысқан болатын. Алайда өзінің мүгедекті мен денсаулық жағдайын, осындай әрекетке баруына түрткі болған жайттарды алға тартқан Рустам Дәулетшиннің сөздері үкімді жеңілдетуге ықпал етпеді.

-"Мен алқа билер бәрін таразылай отырып, әділ және заңды кесім жасады деп ойлаймын. Дәулетшин тарапынан келтірілген дәлелдер қабылданбады",-дейді жәбірленушінің қорғаушысы Руслан Аминов.

Надия Абдрахманованың анасы қылмыс тіркелген күні ауыр жарақаттан оқиға орнында жан тәсілім еткен болатын. Ал әкесі ауруханада жатып, бірнеше күннен соң көз жұмды. Сот Дәулетшин моральдық шығын ретінде жәбірленуші тарапқа 5 млн. теңге, материалдық шығын ретінде 899 мың теңге төлеуі тиіс деп мәлімдеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.