Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бұралқы жануарлар қауіпті

c 17:26, 03/04/2019 c 1054

0:00 / 0:00

Облыс орталығында жыл сайын  5 мыңнан аса бұралқы иттің көзі жойылғанмен, олардың қатары азаяр емес.  Сондай –ақ, адамдарға шабуыл жасаған фактілер де көбейіп отыр. Сала мамандары  қараусыз, босып жүрген  жануарлардан адамдарға  қашан да қауіп төндіретінін айтады.  Бұл қызметке жыл сайын Орал қаласында  30 миллион теңге қаржы бағытталады. Адамға бұралқы ит пен мысық шабуылы уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Бірнеше жылдан бері өңірде құтыру ауруы тіркелмегенімен жануарлардан жапа шеккендер қатары көбейуде. Жабайы жануарлар сілекейінің өзі адам үшін өте қауіпті дейді облыстың бас санитары. Өйткені, сілекейдегі ауру инфекциясы ағзаға тез тарап нәтижесінде  өліп те кету мүмкін. Бүгінде ит қапқан адамдарға жасалатын ұзақ ем дом, 1 айға қысқартылып айна 5 рет екпе салынады.Негізінен бұралқы ит пен мысық  арнайы ауланып, олар бірнеше күн қала шетінде ұсталады. Асыраушысы  табылмаса ветеринарлық әдіспен көздері жойылады. Бұл әрекетті еріктілер қолдамайды. Олардың сөзінше жануарларды арнайы орындарға ұстап емдеп, кейін мейріміді, ниет танытқандарға беруге болады.  Мәселен, ет комбинатындағы бұл орында бүгінде 10 шақты  ит пен бірнеше мысық қамқорлыққа алынған. Юлия Асиновская көше кезген жануарларды асырап, қажет жағдайда дәрігерлік көмек көрсетеді. Орал қаласы бойынша шамамен осындай үш орын бар көрінеді. Оларды көбейту мақсатында жоба да қарастырылуда. Ал қашан жүзеге асары әлі белгісіз. Құтыру дерегі көп жағдайда көктемде болатынын еске сала кетеміз. Сол себепті сақ болған жөн.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.