Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгінгінің батырлары

c 16:30, 23/09/2020 c 402

0:00 / 0:00

Биыл азаматтық қорғаныс саласы 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ширек ғасырдан бері өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар мен сүңгуірлер күн сайын қиын жағдайға тап болған адамдардың өмірін ажалдан құтқарып келеді. Олар көмек сұраған жандарға әрдайым қол ұшын беруге дайын.

Қазақстанда тұңғыш рет өрт сөндіру бөлімі 1895 жылы Орал қаласында өз жұмысын бастады. 125 жылда өрт сөндіру қызметі сан алуан өзгерісті бастан кешіп, жаңарудың түрлі кезеңін өткерді. Сала мамандарына да қойылатын талап күшейіп, техника да толықты. Ертеректе өрт сөндірушілердің тек қызыл жалынды сөндіруге арналған техникасы болса, қазір авариялық-құтқару құрал-саймандары жабдықталған. Жанкешті мамандардың арқасында мыңдаған адам аман қалды. Тек 2020 жылдың өзінде өрт сөндірушілер 186 азаматтың өмірін құтқарған.

Ал 2001 жылы авариялық құтқару отряды құрылды. Оның құрамына сүңгуірлер, кинологтар, құтқару-іздестіру қызметінің мамандары мен химиялық қорғаныстың қызметкерлері енеді. Әрбір бөлім төнген қатердің түріне қарай әрекет етіп, адамның өмірін ажалдан арашалайды. Мамандар үнемі дайындықтарын пысықтап отырады.

Құтқарушылар қауіп төнген кезде өз өмірін қатерге тігеді. Соған қарамастан олар өз кәсіптерін жақсы көреді.

Жандарын шүберекке түйіп жүретін азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері қауіп төне қалған жағдайда көмек сұраған жандарға қол ұшын созуға әрдайым дайын.

Сурет ғаламтордан жүктелген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.