Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін Жәңгірхан атындағы БҚАТУ-де өлкемізде өтіп жатқан жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпияданың қорытындысы жарияланды

c 00:00, 18/03/2015 c 710

0:00 / 0:00

Аталмыш шараға ҚР білім және ғылым вицеминистірі Есенғазы Иманғалиев және БҚО әкімінің орынбасары Бақтияр Макен қатысты. Ағымдағы жылдың 13-18 наурыз аралағында Орал қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиядының жаратылыстану-математикалық бағыттағы кезеңі өз мәресіне жетті. 800-ден астам еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерінен келген оқушылар өз білімдерін саралап, нағыз оқығандар өз деңгейлерін дәлелдеген болатын. Олимпияда шаһарымыздағы дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ-мектеп интернат кешені мен М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің ғимараттарында өткен болатын. Қаламызға келген қонақтар барлық күндер бойына түрлі мәдени шараларға қатысып, Жайық өңіріндегі өнер-кәсіптермен танысқандарын айтып ,бізбен ойларымен бөлісті. Республикамыздың ғалымдары мен ұстаздарынан құралған қазылар алқасының шығарған қорытындысы бойынша 1- орынды 48 оқушы иеленсе, 2 -орын 92 болашық ғалымдар қол жеткізді. Олар ҚР білім және ғылым министірлігінің дипломдармен және арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік республикалық олимпиданың қоғамдық-гуманитарлық бағытын ағымдағы жылдың 24-29 наурыз аралығында өткізуге мүмкіндік туды. Ал ол додада біздің өлкеміздің атын қорғауға 32 оқушы аттанатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.