Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін Орал қаласындағы Пугачев музейінде Масленица мерекесі аталып өтілді

c 17:59, 15/02/2018 c 874

0:00 / 0:00

Көңілді шараға мектеп оқушылары мен мұражай қызметкерлері қатысып, қысты шығарып салу рәсімін жасады. Қалыптасқан дәстүр бойынша мерекеге қатысушылар құймақтан дәм татып, қарақшы әйелді өртеді. Қысты шығарып салып, көктемді қарсы алуға жиналған оқушылар ән айтып, би биледі, түрлі ойындар ойнады. Тарихи жәдігерлерге толы Пугачев музей үйінде өткізілген шарада театрланған көрсетілім ерекше үйлесімде орындалды. Славян халқының іскі діни нанымы бойынша егер Масленицаны көңілді өткізсе, сол жылыңыз құтты, қуанышты болады деген сенім бар.

Дәстүрлі киімдерін киген мерекеге қатысушылар қапшық киіп жарысып, арқан тартыстан топтаса күш сынасты. Масленицада дастарханнан үзілмейтін күн шапақты қызғылт түсті дәмі тіл үйіретін құймақтардан аязға тоңған балалар сүйсіне дәм татты. Шара соңында қарақшы әйелді өртеп, көктемнің қашан келеріне божам жасаған қатысушылар мерекеден ерекше әсермен тарқасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.