Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін Орал қаласында "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" атты елбасының халыққа жолдауында қойылған тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды

c 00:00, 17/03/2015 c 615

0:00 / 0:00

Соның ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс бөлімі мамандарымен инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі талқыланып, ағымдағы жылдың жоспарында тұрған атқарылар жұмыстар белгілі болды. "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" жолдауының басым бағыттарының бірі-тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, сумен және жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын жаңғырту. 2014 жылы Деркөл кентінде жол салу жобалары дайындалды. Осы және өзге де байланыс тораптары мен абаттандыру істерінің тең жартысын тәмамдау биылғы жылдың еншісінде қалып отыр. Орал қаласында Салтанат сарайы маңынан ашылғалы отырған жаңа орталық алаңның жұмысы бүгінде қайта жалғаспақ. Бұдан басқа да бірнеше демалыс орындарын жаңғырту қолға алынады. Ел ағалары осы кездесуде мемлекеттік тапсырысқа ие болған мердігерлерді жауапкершілікке шақырып, берілген мерзімде сапалы іс тындыруға шақырды. Қаламыздағы бірнеше әлеуметтік нысан орналасқан Алматы көшесінде инженерлік желілер салынып, артынан жол жөндеу жұмысының бірінші кезеңі өткізілген болатын. Енді күн жылынып, жер дегдісімен күрделі жөндеудің екінші кезеңі басталады деп жоспарлануда. Биыл салынғалы отырған тұрғын үйлердің көлемі 2014 жылғымен салыстырғанда 8 мың шаршы метрге артыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.