Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін Орал қаласында кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы болып өтті

c 00:00, 27/02/2015 c 616

0:00 / 0:00

Кездесуде "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына қатысушылардың тап болып отырған қиындықтары, қаржыландырудың қол жетімділігі, ауылдағы кәсіпкерлерді қолдау мәселесі көтерілді. Бұл кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің 2-ші отырысы. Банк өкілдері, кәсіпкерлер және мемлекеттік қызметкерлер мен прокуратура қызметкерлері қатысқан кездесуде 3 мәселе көтерілді. Бірінші кезекте Бизнестің жол картасы 2020 бағдарласына қатысушылардың қиындығын шешіп, несиелерін жеңілдету жайы сөз болды. Сондай-ақ көбіне кепілдікке кеп тірелетін қолдауларды бір жүйелендіріп, оңтайландыру керек дейді сөз алғандар. Сонымен қатар,ауылдық жердегі кәсіпкерлердің жағдайы да назардан тыс қалмадй. Прокуратура мен кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша, бизнес ошақиарының газ, су, жарық, жылу желіреріне қосылу заңдылықтары да сөз болды. Мәселен бүгінде 10 адам несие алса, оның екеуі экономикалық жағдайға байланысты қаражатты қайтара алмай отыр. Бұл мәселер бойынша шығарылған шешім қорытынды хаттамаға енгізілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.