Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БРАКОНЬЕРЛЕР ҚАЗЫНАҒА 13 МЛРД. ТЕҢГЕ ШЫҒЫН КЕЛТІРДІ

c 14:01, 15/11/2023 c 36

0:00 / 0:00

«Aq Jol» демократиялық партиясының елдің саяи өміріне етене араласып келе жатқанына 20 жыл болып қалды. Қазақстандағы саяси партия, өзін «сындарлы оппозиция», бизнес партиясы және ХХ ғасыр басындағы «Алаш» қозғалысының ізбасарымыз деп санайды. Партияға биыл өткен парламент сайлауының нәтижесінде Мәжілістегі 98 мандаттың 6-ауы бұйырды. Фракция депутаттарының әр сәрсенбі сайын үкіметке жолдаған сауалдары қашанда өзекті, сындарлы. Бизнесті қолдау, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану деректері, шетелге заңсыз кеткен капиталды қайтару, шетелдік мұнай-газ компанияларымен кен орындары жайлы жасасқан Өнімді бөлу келісімдерін (ӨБК) ашық жариялау туралы мәселені жиі көтереді. Жақында ғана партия мүшесі, депутат Қазыбек Иса бұл проблеманы тағы да көтеріп, үкіметтен стратегиялық кен орындарындағы еліміздің үлесі 51%-дан аз болмауын заңмен бекіту керек деп талап етті. Мысалы, Қашағандағы мұнайдан мемлекетке тиетіні 2 пайызды ғана құрайды. Бұл халқымызға қатысты жасалып отырған әділетсіздік. Өнімді бөлу келісімдерін заңсыз деп тану керек дейді ақжолдықтар. Міне осындай сыни мәселелерді көтерген фракция депутаттарының үні мемлекеттік БАҚ-да естіле бермейді дейді партия серкесі Перуашев. Бұл олқылықты «Aq Jol» партиясы өзінің жеке телестудиясын аша орнын толтырмақ. Яғни партияның халық мүддесі үшін көтеріп жатқан мәселелері осы студияда талқыланып, әлеуметтік желілер арқылы жария болмақ.

Сондай-ақ, бұл студияны тәуелсіз БАҚ-ның пайдалануына да мүмкіндік жасалмақ. Бұл жерде тек партияның сойылын соғатын мәселелер ғана емес, қоғамды алаңдатқан маңызды тақырыптар, рухани,саяси, қоғамдық мәселелер талқыланады. Алаң тәуелсіз БАҚ-ң қайнар көзі болса дейді Азат Перуашев.

Әрине саяси партияның өз масс-медиасы болуы заңдылық. Шаруаны шағын ғана студиядан бастап отырған ақжолдықтар болашақта бұл мақсатқа да жетуді көздейді. Ал бүгін саяси-қоғамдық тақырыпты қозғайтын, «Алаш» қайраткерлерінің суреттері мен еңбектері қойылған бұрыш осы студиядан орын тапты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.