Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Борышкерлер жыры

c 17:37, 24/12/2018 c 733

0:00 / 0:00

Оралдықтардың ыссы су мен жылуға берешегі 550 млн теңгеден асады. Ал жаңа жылдан бастап, Елбасының тапсырмасына сәйкес коммуналдық қызмет ақысы төмендеуі тиіс. Осы орайда «Жайықжылуқуат» АК қызметкерлері тұтынушыларға қырызды өтеу қажеттігін ескертеді. 

Ал жылуға қарызы қордаланған оралдықтарға енді қатаң шара қолданылмақ. Бұған дейін борышкерлер үш тәулікке қамалса, енді үш жылға дейін сотталуы мүмкін. Дегенмен қарызын төлемеген тұрғындар айылын жияр емес. Олар қарызды өндіруші топқа есік ашпайтын болған. Ал мұның зияны жылу орталығына тимек. Өйткені кәсіпорын суды жылыту үшін көгілдір отынды пайдаланатыны белгілі.

Мәсәлен қалалық №2 сотқа 2964 тұтынушының үсітінен шағым түсірдік. Бүгінде жеке 17 сот орындаушы берешек иелерінен қарызды өндіру ісі бойынша жұмыстануда, олар 2389 атқарушы іс бойынша 116 млн теңгені өндіретін болады.

Мәселен Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап жылуға төленетін ақы 10 пайызға төмендейтін болады. Сол себепті осы кезге дейінгі қарызы бар тұрғындар жыл соңына дейін кәсіпорынмен есеп айрысуы тиіс.

МҰРАТ БӘЙМЕНОВ, «ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:
- 10 пайыз арзандату тұрғындарға өте тиімді. Алайда жыл соңына дейін тұтынушылар қырызды өтеуі тиіс. Өйткені коммуналдық мекеме қызметкерлерінің жалақысы, суды жылытушы мекмелерге біз төлейтін соманы да ескеру қажет. Кәсіпорын 1187 тұрғын үйге жылу таратады. Олардың дені қарызды төлемей отыр.

Күні бүгін 1073 жылжымайтын мүлік пен 79 автокөлікке тыйым (арест) салынған. Ал 502 азаматтың жалақысы ай сайын ұсталып тұратын болса, 568 борышкер шетелге шыға алмайды. Бұған қоса 502 азаматтың банктегі есеп-шоты тұтқындалған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.