Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бөрлі ауданының әл-ауқаты

c 16:46, 07/08/2018 c 804

0:00 / 0:00

Бөрлі ауданында биыл елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 118 шара ұйымдастырылыпты. "Атамекен" кіші бағдарламасы аясында жалпы сомасы 302 млн. теңгеге 10 жоба іске асып жатыр. Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлу бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Санжар Әлиев Бөрлілік ағайынның әл-ауқаты жөнінде ақпарат беріп, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Бөрлі -мұнайлы өлке. Еліміздегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың осы ауданда орналасуы халқтың әл-ауқатына да өз әсерін тигізгені анық. Бұл сала дамығанға дейін аудан ауыл шаруашылығы өнімімен көзге түскен болатын. Өндірісте шығарылған өнім көлемі артып келеді,- дейді аудан әкімі Санжар Әлиев. Ббиыл елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 118 шара ұйымдастырылыпты. "Атамекен" кіші бағдарламасы аясында жалпы сомасы 302 млн. теңгеге 10 жоба іске асып жатыр. Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлу бойынша жұмыстар атқарылуда. Тұрғын үй құрылысы да қарқыныды жүріп жатыр. Бұдан бөлек бірнеше жоба жүзеге асуда. Солардың бірі шошқа етін өндіруге бағытталған нысанның құрылысы. Брифингте аймақтың әл-ауқаты жөнінде, атқарылған жұмыстар туралы баяндаған әкім Санжар Әлиев тілшілер сұрағына жауап берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.