Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Болашақ бүгіннен басталады

c 17:23, 08/06/2018 c 876

0:00 / 0:00

Орал қаласының ең үздік деп танылған 100 оқушысы шаһар басшысымен кездесті. Аталмыш кездесулер дәстүрге айналғанымен, биылғы шараның өзгешелігі де аз емес. Бұл шара ең алдымен Елбасының "Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында ұйымдастырылып, оқуда, спортта, өнерде қарсыластарын шаң қаптырған шәкірттердің басын қосты.

Жиында сөз алған оралдық өрендер, бүгінгі жетістіктерін, ертеңгі армандарын шаһар басшысына айтып берді. Бірі, шет елде білім алып, елге оралып Қазақстанымның дамуы үшін аянбай еңбек етемін десе, енді бірі қазіргі заманауи технологияны меңгеріп, елбасы жүктеген цифрландыру ісін дамытамын деп армандаса, енді бірі қазақстандық медиа саласының үздігі болып, бұқара халықты ақпараттандыру ісімен шұғылданбақшы. Жас болса да түрлі саланың үздігі ретінде танылып үлгерген шәкірттердің қатарында, ерекше көзге түскен бүлдіршіннің бірі мектепке дейінгі мекеменің тәрбиленушісі Нұрбек Джонышев болды. Бұл бүлдіршін қазақтың дарабоз ақыны Қадыр Мырза Әлидің 30-дан астам өлеңін жатқа біледі.

Оралдың үздік оқушылары шаһар басшысына толғандырған сауалдарын жолдады.

Жиын барысында сөз алған шаһар басшысы 21 ғасырда өмір сүретін адамның бойында кездесетін қаситеттерді атап, үздіктер қатарында танылған оқушыларды құттықтап, оларға табыс тіледі.

Үздік шәкірттермен кездескен шаһар басшысы оқу жылында талай додаларда бақ сынап, ел намысын қорғаған спортшылар, түрлі байқауларда топ жарған жас өнерпаздарды марапаттады. 2018 жылдың жас ғалымы аталымының иегері Жансая Алиева . Бұл бойжеткен қазақ тілі мен әдебиетінен өткен халықаралық байқауға қатысып, республикалық сайыстарда үздіктердің қатарынан табылды.

Келешегіміздің келбетті, бола­ша­ғымыздың баянды болуы бү­гінгі жастарға тікелей байланыс­ты. Бүгінгі өрен ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын жан. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болып, дамыған 50 елдің қатарына ену үшін бүгінгі жас өрендерге жүктелетін міндеттің жүгі ауыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.