Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО -да полиция "Interpol"халықаралық ұйымында іздеуде тұрған автокөлікті қолға түсірді

c 17:20, 17/04/2019 c 762

БҚО Жол партульдік полициясы "Interpol"халықаралық ұйымында іздеуде тұрған автокөлікті қолға түсірді.Айта кетейік республикалық маңызды тас жолдардың бірінде кезекшілік атқарған жол патрульдік полициясы Ресейлік нөмірлі "Toyota Camry" автокөлігін тоқтатып, құжаттарын тексере бастайды. Тексеріс барысында автокөліктің халықаралық іздеуде тұрғаны анықталады.Көлікті басқарып келе жатқан 1996 жылғы азамат Атырау облысының тумасы. Ол Оралға келе жатқан бетінде қолға түсіп тұр.Белгілі болғанындай бұл азамат машинаны Ақтау қаласынан сатып алыпты. Ал, ақтаулық азамат оны Ресейден сатып алған. Халықаралық іздеуде тұрған 2012 жылғы "Toyota Camry" автокөлігі қазір айып тұрағына қойылған.Жалпы бөтеннің машинасын айдап кету оқиғасы өкінішке орай азаймай тұр. Біздің Орал қаласы бойынша бүгінде 5 автокөлік іздеуде.Яғни, бес азаматтан автокөлігін айдап кеткені жөнінде арыз келіп түскен.Сол бес автокөлік те Ресейлік нөмірлі көліктер. Осы оқиғаны бастамаға ала отырып БҚО полицейлері Ресейлік нөмірлі көліктерді сатып аларда мұқият болыңыздар деп ескертеді.Себебі ол машиналардың тарихы белгісіз деді облыстық жол патрульдік полициясының командир батальоны Берік Дүйсегалиев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.