Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО жедел жәрдем стансасында медицина қызметкерлері наразылыққа шықты

c 16:31, 10/10/2018 c 810

0:00 / 0:00

Олар жалақылары төмендеп кеткендігін және үнемі уақытынан кешіктірілетінін айтып шағымдануда. Жедел жәрдем қызметінде жағдайдың қиындығы сонша, тіпті парацетамол, мүсәтір спиртіне шейін жоғын, ал өздері жолақыға ақша таппай қиналып жүргендерін ашына жеткізді. Жиналғандарға басу айтуға келген денсаулық сақтау басқармасы жалақы мәселесін тез арада шешуге уәде етті.

Бұл жедел жәрдем стансасының ауласы. Шыдамдары шегіне жеткен фельдшерлер мен көлік жүргізушілері осы жерге жиылып, басшылықтан өз құқықтарын қорғауды талап етуде.

Жалақының уақытынан кешігіп, төмендеп кетуі наурыз айынан басталған. Дер кезінде ақ адал еңбекақыларына қол жеткізе алмай, оқу жылы басында қызметкерлер балаларын несиеге киіндіруге мәжбүр болғандарын айтады.

Медициналық жедел жәрдем стансасында бүгінде 650 адам жұмыс жасайды. Барлығының да, тіпті директорының да басынан өткеріп жатырғаны осы қиындық екен. Ақ халаттылар жағдайдың күрт нашарлағаны соншалық, парацетамол, мүсітір спирті, цефазолин сынды қарапайым медицналық препараттың жоқтығын айтады. Ал жүргізушілер үнемі істен шығатын көліктерді жөндеудің тауқыметінен шаршаған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы наразылық білдірушілерге басу айтып, қиындықтан билік хабардар екені және арнайы шара қолданылмағын мәлімдеді.

Ал сақтандыру қорының филиалы қызметкерлерге келісім бойынша жалақылары алғы төлеммен беріліп отырғанын мәлімдеді. Жедел-жәрдемдіктер енді берілген уәде жерде қалмай, болашақта бұл қиындық қайталанбайды деген үмітпен тарқасты. Бүгін түстен соң сақтандыру қорының филиал директоры жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақылары толықтай төленгенін мәлімдеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.