Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалақы дауы шешілді

c 15:28, 11/10/2018 c 611

0:00 / 0:00

БҚО жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері қыркүйек айындағы жалақыларына толықтай қол жеткізді. Қазір осы мәселеге қатысты жауапты тұлғалар анықталу үстінде. Айта кетейік, 10 қазан күні Орал қаласында жедел жәрдем қызметкерлері еңбекақылары үнемі уақытынан кешігіп берілетінін айтып наразылыққа шыққан болатын. Қазір министрлікке дейін хабардар болып отырған мәселе жан-жақты бақылауға алынып, шешімін тауып жатыр.

Жедел медициналық станция бұрын Орал қаласы аумағын қамтыса, 2018 жылдан бастап облыстық деңгейде жұмыс жасай бастады. Аудандық станциялардың қосылуы әлбетте жұмсалатын шығынды бірнеше есеге ұлғайтты. Және мекемені қаржыландырушы оператор міндетті әлеуметтік сақтыру қоры болып өзгерді. Бүгінде облыстық жедел жәрдем станциясында 900-ден астам қызметкер жұмыс жасайды. Оның 640-ы қалалық станция қызметкерлері. Жылына сақтандыру қорымен жедел медициналық көмек пен санитарлық авиацияға 953 млн. теңге бөлініпті. Денсаулық сақтау басқармасы қаржыландырудағы тапшылықтан министрліктің хабардар болғанын атап өтті. Аталмыш жағдайды шешу үшін арнайы іс-шара жасақталуда.

Сонымен қатар, жалақының кешігуіне наразылық білдіру барысында жедел жәрдемдіктер қарапайым медициналық препараттардың жоқтығын айтып шағымданған болатын. Бұл мәселенің жай-жапсары міндетті түрде тексеріліп, анықталады дейді мамандар. 10-қазан күні шаһарымызда жедел жәрдем қызметкерлері жалақылары үнемі уақытынан кешігетінін айтып құқықтарын қорғау үшін наразылық білдіріп шыққан болатын. Осы жайттан соң денсаулық сақтау басқармасы мәселеге араласып, ақ халаттылар екбек ақыларына қол жеткізіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.