Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО тұрғындары несие алуды көбейткен

c 17:23, 31/01/2018 c 737

0:00 / 0:00

Өткен 2017 жылы тек біздің облысымызда ғана 228 млрд теңге несие берілген. Бұл көрсеткіш 2016-шы жылмен салыстырғанда шамамен 50 пайызға көп. Берілген несиелердің басым бөлігі сауда саласына тиесілі болса, екінші кезекте өнеркәсіп саласы, құрылыс саласына келіп тұр. Банк мамандарының айтуынша, әр адамға шаққанда несие көлемі 159 мың теңгені құрап отыр.

Біздің облыс рубль валютасын сатудан еліміздің басқа облыстары арасында көш бастап тұр. Бұны банк мамандары, Ресей федерациясымен шекаралас болғандықтан дегенге келтіреді. Себебі, рубльді сату да, сатып алуда да жыл санап көбейіп келеді.
Алайда, айырбастау пункттеріне енді жаңа талаптар қойылған. Енді облыс орталықтарында орналасқан пункттердің жарғылық капиталы 20 млн теңге, басқа аймақтардағы пункттердің жарғылық капиталы 10 млн теңге болуы тиіс. Бұған байласысты да біраз түсініспеушіліктер болғаны рас. Десе де, филиал директоры өңірдегі 32 айырбастау пунктінің жұмысы тоқтамайтындығына сенеді
Айта кетелік, өткен жылы валюталық заңнаманың сатылуына байланысты 23 материал қаралып, 6 бойынша әкімшілік айыппұл салыныпты.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.