Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-сы әкімшілік айыппұлдарды өндіруде биылғы жылы еліміз бойынша соңғы орында тұр

c 00:00, 26/02/2015 c 621

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО бойынша басқармасы хабарлайды. Осы аталған мәселеге байланысты кеше басқарма "әкімшілік айыппұлдардың өндірілу пайызының артуына арналған жедел кеңес" отырысын ұйымдастырды. Жедел отырыс барысында белгілі болғандай, осы жылдың 20 ақпан аралығында облыс бойынша 12 мыңнан жоғары құқық бұзушылықтар тіркелген болса, уәкілетті органдармен 452 млн. 702 мың теңгеге бағаланатын 9 мыңнан аса әкімшілік айыппұлдар салу туралы қаулылар қабылданған. Ал, бүгінгі күні жалпы салынған айыппұлдардың тек 29 млн. теңгесі ғана ел бюджеті пайдасына игеріліп отыр. Сала мамандары мәлімдегендей, қазіргі таңда салынған әкімшілік айыппұлдардың 95 пайызы, яғни 12 мыңға жуығы қоғамдық тәртіп саласы мен жол қозғалысы қауіпсіздігі саласына тиесілі болып отыр. Ал аталған көрсеткіштің уақытылы өндірілуіне мемлекеттік кірістер органы жауаптылықтың 83 пайызы алып отыр. Ал, екінші орында ішкі істер органдары 16, 5 пайызын қамтыйды. Айта кеткен жөн, өткен жылдың маусым айында Құқықтық статистика және арнайы еспеке алу комитетінің БҚО бойынша басқармасы өңіріміздегі Ішкі істер департаменті мен сот актілерін орындау жөнінегі департаменті және мемлекеттік кірістер басқармасымен "Өзара ынтымақтастықта әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды өсіру туралы" меморандумға қол қойған болатын. Бірақ нәтиже атымен жоққа ұқсайды. Статистика және арнайы есепке алу мамандарымен белгілі болғандай, негізі әкімшілік айыппұлдардың өндірілмеуіне басты кедергі - ірі заңды тұлғаларға салынған айыппұлдардан болса керек. Олар айыппұл сомасын барынша толтырып үлгерген көрінеді. Бірақ, қандай көрсеткішке қарамастан, басқарманың қазіргі міндеті - жедел түрде әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алып, ел бюджетіне үлес қосу.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.