Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО Полицейлері мен төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары орманда адасып кеткен жігітті құтқарып қалды

c 16:09, 25/02/2019 c 614

0:00 / 0:00

БҚО Полицейлері мен төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары орманда адасып кеткен жігітті құтқарып қалды.Оқиға 24 ақпан күні болған. Сол күні 102 пультіне орманда жүрген жігіт өзінің адасып кеткенің айтып хабарлайды.Дереу 35 полицей мен төтенше жағдайлар департаментінің 32 маманы бірігіп атқа қонып, іздестіру шараларына кірісіп кетеді.Хабарлама бағыты бойынша "Комминтерн" ауданы маңайы, саяжайлар бәрі түгел тексеріледі.Іздестіру шараларына Абай полиция бөлімінің жеке құрамы, құтқарушылардың барлық техникасы , жергілікті полиция қызметінің басшылары жұмылдырылған.Абырой болғанда күні бойғы іздестіру шаралары түнгі 1:00 де аяқталып, 1994 жылғы туған азаматты аман -есен тауыпты. Полицейлер әбден тонып қалған азаматты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізеді.Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар адамдарға мұқият болуды ескертеді, әсіресе орманға жалғыз бармауға шақырады.Қазіргі таңда азамат аман- есен табылып, ауруханада ем алып жатыр деп хабарлады Абай полиция бөлімі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.