Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - ның полицейлері аса ауыр қылмыстарды ашудан көш бастап тұр

c 09:59, 26/03/2019 c 624

0:00 / 0:00

БҚО - ның полициейлері аса ауыр қылмсытарды ашудан кө батап тұр.Бүгінде БҚО бойынша зорлық - зомбылық пен адам бопсаалу қылмыстарын полицейлер ізін суытпай ашып дағдыланған.Бұл туралы халық алдында есеп берген БҚО ПД бастығы, генерал майор Махсудхан Аблазимов мәлімдеді.айта кетейік, бұл департамент басшылығыың халық аладына шығып тұңғы рет есеп беруі.БҚО - да қылмыстың қай - қай түрі де азайып келеді, бұрынғыдай ашылмай жатқан істер, ұсталмай жүрген қылмыс әлемінің адамдары аз деп бастады өз есебін облыстың бас полицейі Генерал Махсудхан Аблазимов.Біздің облыс бойынша қылмыстар ішінде көш бастап тұрғаны ол ұрлық оқиғалары, екінші орынды алаяқтық пен тонау еншілейді екен.
Әр адам тыныш, қауіпсіз қоғамда өмір сүргісі келеді.Сондықтан да қылмыстың уақытылы ашылып, қылмыскердің ұсталуы үшін полицейлер аз тер төкпейді.Атап айтсақ ауыр қылмыстар қатарына жататын кісі өлімі мен қарақшылық шабулдар туралы да деректер айтылды. 2018 жылы 35 кісі өлімі тіркелген.Кісі өлімі оқиғалары көбіне үй жағдайларында болса, 25 кісі өлімін жұмыссыз жүргендер жасаған.
"Заман дамып, алға жылжып, адамдардың жағдайы жақсарған сайын алаяқтық оқиғалары да бірге дамып отыр",- деді өз сөзінде Генерал Аблазимов.Қазіргі уақытта адамдар көбіне интернет дүкендер мен телефондар арқылы аударылатын ақша айналымдарының құрбаны болып отыр. Облыс көлемінде жүргізілген шұғыл іздестіру шаралары аясында осындай алаяқтықпен айналысқан бірнеше азамат қолға түсіп, тиісті жазаларын алыпты. Есептік кездесу барысында Генерал -майор Аблазимов мал ұрлығы оқиғаларына да тоқталды. Мал ұрлығына қатысты 2018 жылы 287 оқиға тіркеліп,құрамында қылмыстың болмауына байланысты іс тоқтатылған.Ауылдағы ағайын малын жоғалтып алатындары аздай кейде өз қолдарымен алаяқтардың алдына салып беретін кездері де кездесіп тұрады.Осы есептік кездесуде малымды үйден тиеп кетті деген адамның өтініші тыңдалды.
БҚО -да жол -көлік оқиғаларының саны азайып келеді, бірақ жолдағы апаттрдан қаза табатындар саны өскен.Жылдамдықты асыру, жол ережесін сақтамау, әсіресе көлікті мас күйінде жүргізу талай адамның өмірін қиған.
"Қоғамның тәртібі мен тыныштығын күзететін полицейлердің өздері де сүттен ақ, судан таза емес",- деді облыстың бас полицейі Генерал Аблазимов. 2018 жылы өз қызметіне жүрдім - бардым қараған 39 полицей теріс қылығы үшін жұмыстан қуылыпты. Ал, осы жақында ғана жеке құрамның ішінде 10 пайызы, 235 полицей қысқартуға ұшыраған.Халық алдында алғаш рет есеп берген бас полицейге халықтың сұрағы көп болды, лық толы зал бұл саланың қаншалықты жауапты екендігін сезіндірсе керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.