Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-ның клиникалық ауруханасына аяқ-қолын сындырып, мертіккен 100-ден астам түсіпті

c 00:00, 11/03/2015 c 640

0:00 / 0:00

Қаламызда ауа райының қолайсыздығынан көлік жолдары мен жаяу жүргінші жолақтары мұз айдынына айналды. Салдарынан аздаған уақытта сырғанаққа айналған авто көлік жолдарында апатты жағдайлар жиілеп отыр. Көктем түсіп, күннің жылынатын уақытында ауа райының құбылмалылығы қала тұрғындарына үлкен қолайсыздық тудырып отыр. Бір тәуліктің ішінде ауруханаға 100-ден аса адамның түсуі ақ халаттылар жұмысын қауырттандырып жіберген. Жарақат алған әр адамға алғашқы көмек көрсетуге жарты сағаттай уақыт кетеді. Сондықтан кезек күткендердің де қарасы қалың. Аздаған уақытта шаһарымызда 24 адам аяқ қолын сындырыпты. Бұл жөнінде қауіпсіздікті сақтау жөнінде ескерту жасаған БҚО-ның денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Күннің бір жылынып, бір суытуынан жол үстіндегі еріген қар сырғанаққа айналған. Соның салдарынан жол көлік оқиғалары да жиілеп, қозғалысты қиындатып жіберді. Ал аралас қоспаларын сеуіп, көктайғақтың алдын алуға тырысқан жол пайдаланушылар 2 ауысыммен жұмыс жасағанымен қауіптің алдын алуға үлгірмей жатыр. Сақтықта қорлық жоқ демекші, көлік тізгінінде немесе жаяулатып жүргенде болсын, тайып жығылудың алдын алу үшін байқап жүргеніміз абзал болар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.