Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-ның кардиологиялық орталығында 209 адамның жүрегіне ота жасалыпты

c 00:00, 06/03/2015 c 584

0:00 / 0:00

Қазір мұнда "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алған мамандар қызмет етіп, шетелдік тәжірибені енгізуде. Соның ішінде ең маңыздысы, түрлі тәжірибе алмасулардың нәтижесінде орталықта жүректі тоқтатпай ота жасау мүмкіндігі пайда болып отыр. Сондай-ақ науқастың ота кезінде жоғалтқан қанын тазартып, кері өзіне құю арқылы адам өмірін сақтап қалудың озық әдістері қолданылады. Ауа райының құбылуынан, әсіресе көктем мен күзде жүрек қан тамыр ауруларының жиі тіркелетіні аян. Осы күнге дейін кардиологиялық орталықта 209 ота жасалса, тек 2015 жылдың өзінде 43 адамның жүрегі пышаққа түскен. Орталықта қазір енгізіліп отырған заманауи әдістердің бірі жүректі тоқтатпай, соғып тұрған кезінде ота жасау мүмкіндігі. Соның арқасында бас ми қан айналымын бұзбай, инсульт жағдайын 2% азайтуға болады екен. Осындай отадан дейін өмірге қайта оралған Нұрқайыр Кәкімов жақында өз аяғымен ауруханадан шыққалы отыр. Жапониядан алынған жасанды қан айналдыру аппаратының көмегімен бұдай былай науқастың ота кезінде жоғалтқан қанын эротроцидтерді сақтай отырып, кері тазалап өзіне құюға болады. Бұл да заманауи құрылғылар арқылы енгізілген үлкен жаңашылдықтың бірі. Болашақ бағдарламасының түлегі Ерлан Оразымбетов бұл әдістердің бәрі отадан адам өміріне келетін зиянды азайтуға орасан пайдасын тигізіп отырғанын айтады. Бүгінге дейін кардио орталықта 210 адамға арнайы көмек көрсетелсе, 200-ге жуық адам ем-шара алып шыққан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.