Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО -да 200-ге тарта жұмысшы әлі күнге жалақыларын ала алмай сандалып жүр

c 18:04, 29/10/2019 c 534

0:00 / 0:00

Құрылысы салынып бітпей жатып, дауға айналған БҚО Теректі ауданы, Алғабас ауылындағы мұнай өңдеу зауыты кешенінің құрылысы тоқтағанымен, "Евро Стандарт ЛТД" компаниясының жұмысшылар кешелі-бері осында жүр. Тапсырыс беруші "АВС Мұнай" ЖШС-гі биылғы жылдың 11- қазанында жұмысшыларға еш түсіндірместен жұмысты аяқтауды өтінген көрінеді. Ақшаларын даулау үшін жұмысшылар "АВС Мұнай" ЖШС-гі кеңсесінің алдына қайта жиналды. Өйткені, 200-ге тарта жұмысшының бірде бірі тамыз айынан бері жалақы алмаған. Іске жауапты компанияның жұмысшылар алдындағы бершегі - 15 млн.теңге көрінеді. Құрылысы тоқтап, нәпақасыз қалған жұмысшылар "АВС Мұнай" компанияның табалдырығын тоздырып әлек. Біздің түсірілім тобы жағдайды сұрастыруға ұмтылғанымен, кеңсе қызметкерлерінің бірі төменге түсіп, сыпайы түрде ғимараттан шығуды өтінді. Мәселе Көрер көз, естір құлақсыз қалмады. Жұмысшылардың құқықтарының аяққа тапталмауын қалаған Облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева мен облыс прокурорының көмекшісі Дәурен Тәжғалиев Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасынан табылды. Еңбек инспекциясына тапсырыс беруші "АВС Мұнай" компаниясынан өкілде шақырылды. Директордың орынбасары келісім шарттың талаптары тиісінше орындамағандықтан, "Евро Стандарт ЛТД" компаниясымен іс бір жола тоқтатылған. Жағдай сотқа дейін жеткен екен. Еңбек инспекциясы жұмысшыларға жалақы бермеген "Евро Стандартты ЛТД" компаниясын тексеруге қауқарсыз. Өйткені, дау тудырған компания Нұр - Сұлтан қаласында орналасқан. Дегенмен, жағдай прокуратура, еңбек инспекциясы және облыс әкімдігінің қатаң бақылауында. Жұмысшаларға керегі -  күту мен сабыр ғана.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.