Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО клиникалық ауруханасы жаңа магнитті резонансты томографқа қол жеткізді

c 17:30, 03/10/2018 c 746

0:00 / 0:00

Жобаның құны 818 млн. теңге тұрады. Қазіргі кезде құрылғы ауруханаға орнатылып, мамандарды оқыту процесі жүріп жатыр. Бұған дейін медициналық мекемедегі осындай құрылғы істен шығып, науқастар тексерістен өту үшін өзге аймақтарға баруға мәжбүр болатын. Бүгін БҚО әкімі Алтай Көлгінов жаңа құрылғыны игеру барысымен ауруханаға барып арнайы танысып қайтты.

БҚО денсаулық сақтау саласында мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы бойынша бірнеше жоба жүзеге асуда. Соның бірі- облыстық клиникалық ауруханадағы магнитті резонансты томограф. Қазір аппаратты орнату жұмысы аяқталған. Қымбат құрылғының бағасы 818 млн. теңге тұрады. Жоба мерзімі 5 жарым жыл.

Қазіргі таңда тағы екі жоба атқарылуда. Оның бірі Ақжайық орталық ауруханасына қажетті комьютерлі томографқа қол жеткізуге бағытталған. Бағасы 379 млн. теңге тұрады. Ал облыстық ауруханаға ангиографиялық құрылғы сатып алуға инвестор 370 млн. теңге жұмсамақ.

Сондай-ақ онкологиялық диспансерге сәулелік терпаия өткізетін сызықтық жеделдеткіш алу жоспарлануда. Бұл сұрақ денсаулық сақтау министрлігімен қаралуда. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік жеке меншік серіктестік бағдарламасымен техникалық базаның жетілдірілуі медициналық қызмет сапасын арттырып, адам өмірін сақтап қалуда дәрігерлер жұмысына оңды ықпалын тигізеді деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.