Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО кәсіпкерлер палатасына жаңа директор тағайындалды

c 15:41, 26/09/2018 c 842

0:00 / 0:00

Осы күнге дейін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық филиалын басқарып келген Ербол Иденов осы орынға лайықты деп танылды. 41 жасар азаматтың осы саладағы бай тәжірибесі алдағы қызметіне оң септігін тигізеді деп күтілуде.

Ербол Иденов 1998-жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист-ақпаратшы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015-жылы Менеджмент мамандығы бойынша халықаралық бизнес университетінің дипломын алады. Еңбек жолы банк саласынан бастау алып, түрлі жетекші лауазымдарды атқарған.

Биылғы жылы БҚО кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдерінен 1500 өтініш келіп түскен. Олардың тең жартысы оңды шешім тауып, 50 млн. теңге сомада кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалып қалыпты.

-"Біз сауда желілерінде жергілікті тауарларды өткізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мемлекеттік тапсырысқа 1,5 млрд. тауар тізімін әзірлеп қойдық",-дейді БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат Нургуатов.

Кәсіпкерлік палатасының мәлімдеуінше, жыл санап кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселесі оңалып келеді. Бұл ел экономикасының өсімі мен инвестиция тартуға өз септігін тигізеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.