Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да жол апатынан 2 адам көз жұмды

c 12:05, 26/03/2018 c 918

0:00 / 0:00

БҚО-да жол апатынан 2 адам көз жұмды. Жүк көлігі мен жеңіл темір тұлпардың қақтығысуынан мерт болған қыз 24 жаста екен. Оны құтқару үшін жедел жəрдем жетіп үлгермеген. Оқиға 23-наурыз күні
Самара-Шымкент тас жолында тіркелген.
Ал екінші жол-көлік оқиғасы Алғабас ауылы маңында орын алған. Салдарынан бір адам қаза болып, бірнеше азамат зардап шеккен. Солардың бірі 5 жасар ұлын ауруханаға алып келе жатқан Гауһар Мұхамбетиярова. Казталов ауданында мұғалім болып жұмыс жасайтын азаматша жүктіліктің 3-ші айында екен. Іштегі шарана дін аман болғанымен анасы мен бауыры қатты зардап шеккен. Бас миы шайқалып, басынан жарақат алған жəне қолы сынған əйел облыстық ауруханада, 5 жасар ұлы белінен төмен сүйектері сынып, миы шайқалып балалар ауруханасында жатыр. Келіншек есін жиғанда жол бойында жерде ұзақ жатып қалғандықтан тоңып жатқанын сезіпті. Такси жүргізушілерінің бірі оны қалаға жеткізген. Қалтасындағы 35 мың ақшасы мен алтын сырғаларын кімнің шешіп алғанын білмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.