Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да "Жастар Отанға" деп аталатын дәстүрлі жоба басталады

c 18:36, 28/08/2018 c 832

0:00 / 0:00

"Жастар Отанға" жастар лагерьі 29-тамыздан 1-қыркүйек аралығында оздырылады. Лагерьдің биылғы тақырыбы -"Рухани жаңғыру", "Цифрлы Қазақстан" бағдарламаларын жүзеге асыруға, жастардың өз-өздерін дамытуына арналады. Биыл 19-шілдеде жастарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында арнайы орталық ашылды. Орталыққа келген жастардың сұрақтарын тез шешу бағытында құжат жинау рәсімін жеңілдету үшін бір терезе қағидаты, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. "Жастар Отанға" лагерьі Еуразия туристік базасында өтеді.

Жастардың белсенділігін арттыруға арналған шараға 120 жас қатысады деп күтіліп отыр. Соның ішінде Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары мен Батыс Қазақстан облысының 12 аудан жастары, ЖОО-ның өзін-өзі басқару ұйымдары қатысады. Лагерьдің мақсаты - жастар арасындағы жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және Ұлт жоспары - «100 нақты қадамда» айтылған құндылықтарды насихаттау. Жобаның бірі -жұмысшы жастарға арналған шара.

«Жастар-Отанға!» жастар саяси лагері 2008 жылдан бастап «Жас Отан» Жастар қанатының I съездегі Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен жыл сайын өткізіледі. Лагерьдің негізгі тақырыбы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.