Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да жастар арасындағы жұмыссыздық 4 % азайған

c 00:00, 03/03/2015 c 767

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының мамандары мәлімдеді. Бүгін халық алдында өткен жылғы атқарылған жұмыстың есебін айтып, биылғы жоспардың шет жағасымен бөліскен жастар қауымдастығы мен аталмыш басқарма тілшілердің сауалына жауап берді. Биылғы жылдың 9 ақпанында Елбасы ҚР-ның мемлекеттік жастар саясаты туралы заңына қол қойды. Осыған орай, бүгінгі кездесуде жастар саясатының жүзеге асырылуымен бірге аталған заңды түсіндіріп өтуге де тура келді. Елбасының тапсырмасына орай, заңға жас маман ұғымы енгізіліп, еңбек кодексіне жасалған өзгерістер мен толықтырулар жасалды. Нәтижесінде енді мамандығы бойынша жұмысқа тұрған 29 жасқа дейінгі жас маман алғаш орналасқан жұмыс орынымен 2 жылға дейтін еңбек шартын жасай алады. Бұл өз кезегінде жұмыссыздықтың төмендеуіне де әсер етсе керек. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру шеңберінде әлеуметтік маңызды жобаларға 2014 жылы 89,1 млн теңге бөлінген. Жыл санап жас буынның белсенділігі артып келеді. Әсіресе бүгінде ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртуға тың серпін беріліп отыр. 2014 жылы облыста 3 жоғары оқу орын 5008 түлек аяқтаған. Оның 83% жұмысқа орналасыпты. Алайда күректей диполмды алып-алып, мамандық бойынша туған ауылына емес, шалғайға барып жұмыс жасауға ынталы жастардың көбі бүгінгі бас ауыртар өзекті мәселеге айналып барады. Бүгінгі таңда аймақта қызмет етіп жатқан 10 ресурстық орталыққа 1026 жас кеңс алу мақсатында жолыққан, 149 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.