Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО -да "Жас кәсіпкер" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда

c 08:55, 28/11/2019 c 701

Жас келсе, іске! БҚО 506 жас өз кәсібін бастады.Олардың басым бөлігі көрсету саласы бойынша жобаларын іске асырған. Көпке үлгі бастамалар «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы іске асып жатыр. “Жас кәсіпкер” жобасы – кәсіппен айналысқысы келетін жастар үшін үлкен мүмкіндік. Ең біріншіден, олар білім алады. Тіпті, болашақта ешқандай бизнес ашпаса да, білімі өзінде қалады. Оқуы үшін стипендия да қарастырылып отыр."Қажыр--қайраттың барында ел дамуына еңбек ету - парыз", - дейді жас кәсіпкер Ақжарқын Сарттарова. Ол №18 кәсіптік лицийдің тігінші мамандығын тәмандап, қазіргі таңада "Жас кәсіпкер" бағдарламасының арқасында өз ательесін ашып отыр.  Биылғы жылдың тамыз айында оқуын тәмандап, жобасын сәтті қорғаған ол, бағдарлама аясында берілген қайтарымсыз 505 мың теңгеге кәдуілгі тігін мәшинасы мен торлау бір тізбекті тігін машиналары мен үтік сатып алуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда қыз жасауына арналған көпшік-көрпе, перделерді тапсырыспен тігіп, арнайы киімдер мен көйлектерді де тігіп, жөнейді. “Жас кәсіпкер” жобасына үш жылға дейін бизнеспен айналысқан адам да қатыса алады. Жоба “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатыр.Аталмыш бағдарлама аясында 1 мыңға жуық жас бизнес бойынша білімдерін шыңдаған. Оның 506 - ы 200 АЕК,яғни 505 мың теңге қайтарымсыз гарант алып, өз істерін дөңгелетуге мүмкіндік алды.Жас кәсіпкер Ерболат Хамидолла да осы гранттан үмітті. Жуырда жобасын қорғаған. Өзінің дәмханасына қосымша тұрмыстық техникаларды толықтырмақ ниетте. “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы “Бастау” бизнес жобасының негізінде осындай оқу бағдарламасын қолға алып отыр. Басты мақсат - кәсіппен айналысып, табысты болуды қалайтын жастарды қолдап, оларға мүмкіндік беру. Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы кез келген жұмыссыз адам қатыса алады. Өтініш берген жастар арнайы тестіден өтсе ғана, 15 күн кәсіпкерлік негіздерін оқиды. Жобаға қатысу үшін “Атамекен” ұлттық палатасының жергілікті филиалына, халыққа қызмет көрсету, жұмыспен қамту орталықтарына және әкімдікке баруға болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.