Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да төтеншеліктер дала өрттерінің алдын алуда

c 11:41, 24/07/2018 c 724

0:00 / 0:00

БҚО-да төтеншеліктер дала өрттерін болдырмау үшін сақтық шараларын күшейтті. Табиғи өрттердің 90 пайызы адамдардың қауіпсіздік сақтамауынан орын алып отыр дейді мамандар. Əсіресе шылым тұқылы мен шыны шишаларды жол жиегіне лақтырудан, жаздың ыстығында жиі от тұтанатыны анықталған. Бүгін жанармай құю бекеттеріне кірген әр жүргізушінің шылымының қорабына мұндай әрекеттің табиғатқа қауіпті екенін еске салатын ескертулер жапсырылды. Рейд қала шетіндегі жергілікті полицияның постында жалғасты.

Дала өрттерінің күш бермей өршуінен қаншама шаруа қожалық жері пайдасыз болды. Көп жағдайда өрттің тұтануына адами фактор себеп болып отырғаны белгілі болған. Сондықтан дала жəне орман өрттерінің алдын алу мақсатында төтенше жағдай департаменті жүргізуші сапарға аттанарда міндетті түрде аялдайтын жанармай құю бекеттеріне ат басын бұрды. Осы жерде азаматтар жолға қажетті сусыны мен шылымын сатып алатыны мәлім. Төтеншеліктер әр шылымның қорабына, сатылатын өнімдерге ескертулер жапсырып, адамдардың бір салғырттығынан табиғат анаға өлшеусіз залал келіп жатырғанын түсіндірмек болды. Одан әрі рейд бірлескен түрде жергілікті полция қызметінің постында өткізілді.

Жолға шыққан автокөлік жүргізушілері тоқтатылып, ескерту үн парақтары табысталды. Айта кетейік, биыл облыста 3 орман өрті тіркеліп, қызыл жалын 24 гектар жасыл алқапты шарпыпты жəне 1 дала өрті орын алып, 3 мың 224 гектар алқап жанып кеткен. Аталмыш мәселе шынында да ойлантарлық дейді жүргізушілер.

Профилактикалық шаралар өрт қауіпсіздігі кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.