Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да полиция қызметкерлері жолда қабылдау өткізді

c 17:16, 17/05/2019 c 1190

0:00 / 0:00

БҚО - да полиция қызметкерлері жолда қабылдау өткізді.ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен республиканың түкпір -түкпірінде "Жолда қабылдау" акциясы өтіп жатыр.Бұл акция БҚО - да осымен екінші мәрте өтіп отыр.Орал қаласының екі бірдей жерінде өткен акция барысында тұрғындар полиция қызметкерлеріне өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауап алды.Жолда қабылдау акциясы БҚО - да осымен екінші мәрте өтіп жатыр.Бұған дейін сәуір айының басында өткен еді.Ол кезде полиция өкілдерімен кездесуге 1000 -ға жуық қала тұрғыны келіп, өздерін мазалаған сұрақтарын қойғанды.Ал, бүгін таңмен таласа Орал қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығыны маңында полиция департаментінің өкілдері қала тұрғындарын қабылдады.
Қазір полиция жұмысын цифрландыру мәселесі өзекті болып тұр.Тұрғындардың уақытын үнемдеу мақсатында полиция қызметкерлері қазір хаттамаларды электронды нұсқада толтырып жүр.Бүгінгі күнге дейін 36 мыңдай әкімшілік іс электронды нұсқада толтырылған.Халық пен полиция арасындағы сенімді күшейту бүгінгі Полиция департаменті жетекшілігінің алдына қойып отырған басты мақсаты.Сол үшін ай сайын Жергілікті полиция қызметінің басшылары, Әкімшілік полиция басқармасының басшылары, көші -қон департаменті басшысы жолда қабылдау өткізіп, халықтың сұрағына жауап беріп жүр.Бүгін қабылдауға келген қала тұрғындары мұндай акциялар уақытты үнемдеу үшін аудай қажет дейді.
Орал қаласында ашылған халыққа қызмет көрсету орталығы да біраз қиындықты шешті.Қазір полиция департаментіне қатысты біраз мемлекеттік қызметтер осы жерде көрсетіледі.Жыл басынан бері облыста 26 мыңдай машина тіркеуге қойылған, ал 4 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігін алыпты.Бұрын машинаны тіркеуге қойып, куәлік алу үшін апталап сандалып жүретіндер, қазір бас аяғы 10-15 минутта қол жеткізіп жүр.
Жолда қабылдау акциясы аясында тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз әректтері туралы да сұрақтарын қоюға мүмкіндіктер алды."Бірақ соңғы жылдары ондай сұрақтар легі азайып келеді",- дейді Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағдар Абуов.Жолда қабылдау акциясынан бөлек ПД бастығы Генерал Махсудхан Аблазимов өзі де апта сайын тұрғындарды жеке қабылдайтының естеріңізге сала кетейік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.