Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - ДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ АҚШАСЫ ТӨЛЕНБЕЙ КЕЛГЕН

c 17:07, 24/07/2019 c 673

0:00 / 0:00

БҚО-ның прокурорлары 2019 жылдың алты айында 381 мың азаматтың құқығын қорғаған. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Құқық қорғаушылар жарты жылда түрлі саланы тексерген. Нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықты анықтапты. Мәселен, барлық білім беру бөлімдері инклюзивті бағдарламалар бойынша жұмыстанған педагогтарға қосымша ақы төлемеген.

Облыстың прокурорлары жарты жылда түрлі саланың аяқ алысы мен заңнаманың қолданысын бақылау мақсатында, арнайы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 2019 жылдың алты айында 381 мың адамның құқығы қорғалыпты. Сала мамандары білім беру саласында педагогтардың құқығы бұзылғанын айтады. Мәселен, барлық білім беру бөлімдері мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстанатын оқытушыларға қосымша ақы төлемей келген.

Жалақы мәселесі- күн тәртібінен түспейтін сауалдың бірі. Алты айдың көлемінде облысымызда 190 азаматтың 53,9 млн теңге көлеміндегі нәпақасы өндіріліпті. Уақытылы жұмысшыларына айлық төлемеген 66 кәсіпорын бар екендігі анықталған. Сондай-ақ, жиын барысында құқық қорғау саласының қызметкері Қазталов ауданында орын алған олқылықты да баяндап берді. Аталмыш ауданда сукернеуіш мұнарасы тиісті балансқа алынбағандықтан, 4000-қа жуық тұрғын ауыз су үшін қосымша ақы төлеп келіпті.

Биыл жылдың алты айында қалалық прокурордың пәрменімен 18 ақпараттық материал экстремисттік танылып, 80 сайттың жұмысын тоқтатылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.