Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да осы кезге дейін 71 адамның тұмауға шалдығу жағдайы тіркелген

c 00:00, 05/03/2015 c 615

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы хабарлады. Сонымен қатар, жедел респираторлық вирусты жұқтырған 28 мың оқиға орын алыпты. Дегенмен, былтырғы көрсеткіштен салыстырғанда 0,9 есеге өсу байқалғанымен, қазір жұқпалы дерттің кең етек алуы төмендеп отыр,-дейді ақ халаттылар. Тұмауға шалдығушылардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Облыста бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 4170 адамды құрап отыр. Сағида Ермекбаева немересін дәрігерге өзі әкеліп қарататын бірлі-жарым әжелердің бірі. Салқын тиіп аурып қалған бүлдіршінге тәжірибелі ана өзім білемдікпен ем қолданбай, міндетті түрде дәрігерге көрсету қажет деп санайды. Елеусіз болғанымен, өте қауіпті саналатын тұмаудың өршуіне байланысты осыған дейін дәрігерлік мекемелер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, ауруханалар мен емханаларда міндетті түрде бетперде киіп жүру, оксолин жақпа пайын пайдалану міндеттелген болатын. Бұл шаралар әлі күнге жалғасқанымен 3ші емхана қызметкерлері тұмаудың біраз сейілгенін мәлімдеуде. Тұмауға шалдыққан жағдайда үйде отырып, емделген дұрыс. Адамдардың тұмауға аса мән бермей, қоғамдық орындарға, жұмысқа сырқат күйінде баруы жағдайды қиындатып, жұқпалы дерттің кең белең алуына себепші болатын көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.