Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да өндірісте 6 адам мерт болған

c 18:26, 01/02/2018 c 717

0:00 / 0:00

БҚО-да өндірісте 52 жазатайым жайт тіркеліп, салдарынан 6 адам мерт болған. Бұл жөнінде еңбек инспекциясы хабарлады. Мамандардың айтуынша, көбіне коммуналдық кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі заңнамасы бұзылатын көрінеді. Жұмысшылардың арнайы киіммен және қауіпсіздік құралдарымен қамтылмауы қайғылы жағдайларға соқтырған фактілер тіркелген.
Бюджеттік мекемелер қатарында жедел жәрдем қызметі мен аудандық ауруханалар көш бастап тұр. 2017 жылы жедел жәрдем көлігі 4 рет жол-көлік оқиғасына түсіп, 9 адам зардап шеккен. Ал "Ақсай жылу қуат" мемлекеттік кәсіпорнында топырақ астында қалған екі адам ауыр жарақат алып, 1-еуі мерт болған. Құрылыс саласында 10 жазатайым жайт тіркелсе, оның 5-еуінде жұмысшылар жоғарыдан құлаған. Қауіпсіздік техникасының сақталмауынан коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары да зардап шеккен.

Еңбек инспекциясы қаладағы 6 коммуналдық кәсіпорынның басын қосып, оларға еңбек қауіпсіздігін сақтамаудан-қандай жауапкершілікке тартыларын ескерткен.

2017 жылы "Жайық таза қала" кәсіпорнының жол жұмысын жасап жүрген жұмысшыларының көлікке қағылып қайтыс болуы қорғаныш және жол жұмыстары атқарылып жатыр деген белгісін орнатпауынан тіркелгені белгілі болып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.