Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да мал ұрлығымен айналысқан 13 қылмыстық топ қолға түсті

c 17:12, 30/07/2019 c 683

0:00 / 0:00

БҚО - да 2019 жыл басталғалы мал ұрлығымен айналысқан 13 қылмыстық топ қолға түсті.Осы қылмыстық топта барлығы 87 адам жұмыс жасаған.Ал, жақында ғана жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде БҚО Бәйтерек ауданында 6 мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ құрықталып отыр.Ұсталғандар Бәйтерек, Бөрлі,Ақжайық аудандарының тұрғындары.Бұдан бөлек полицейлер Жаңақала, Бөкейордасы аудандарында мал ұрлығымен айналысқан 3 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстап отыр.БҚО - да мал ұрлығы азаймай тұр.Осы жылдың 28 мауысында Қаратөбе, Сырым аудандарында 2015-2018 жылдары мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері мен сыбайластары сотталған болатын.БҚО Полицейлері дәл қазіргі уақытта Бәйтерек,Тасқала аудандары аумағында ұсталған қылмыстық топқа қатысты тергеу амалдарын бастап кеткен.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.