Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да құны 300 млрд теңге болатын 40 жаңа инвестициялық жоба іске асырылмақ

c 00:00, 04/03/2015 c 720

0:00 / 0:00

Бұл туралы облыстық ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел барысында айтылған болатын. Сондай-ақ басқосу барысында мемлекеттік жеделдетілген индустриалдық-иновациялық бағдарламасының екінші бес жылдығы қызу талқыға түсіп, алға қойылған жоспарлар талқыланды. Мемлекеттік жеделдетілген индустриялдық-иновациялық бағдарламаның негізгі мақсаты еліміздегі өнеркәсіптік экономикамызды түбегейлі өзгертуге мол мүмкіндік туғызу. Дөңгелек үстел басына жиналған бизнес өкілдерінің айтуынша қазіргі ең басты міндеттердің бірі өңірімзде бәсекелестікке толықтай қабілетті өңдеу өнеркәсіптерін ұлғайту. Аталмыш бағдарламаның алғашқы бес жылдығы 2010 жылы бастау алған болатын. Өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша бес жылдың ішінде 34 жоба іске қосылып, 1900 жаңа жұмыс орынымен қамтылған еді. Соның арқасында аймағымыздағы жалпы өнімнің деңгейі екі есеге өсті. Қазірдің өзінде біздің облысымызда БҚО машина жасау компаниясында мұнайды жылытуға арналған пештер мен газ турбиналық құрылғыларды жөндеуге арналған жобалар іске қосылғанды. Ал ағымдағы жылы өлкемізде бөтелкеленген су шығаратын зауыд ашу жоспарланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.