Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да киікті заңсыз аулайтындар азаймай тұр

c 15:06, 04/04/2019 c 714

0:00 / 0:00

БҚО киікті заңсыз аулайтындар саны азаймай тұр.Қызыл кітапқа енген жануарды ел үкіметі қорғауға алғанымен, бұл броконерлерді қорқыта алмай отыр.Соңғы екі жылда киікті заңсыз аулағаны үшін 42 адам жауапқа тартылып, істі болған.Бір өкініштісі сол істі болып, киікті заңсыз атып жүргендер қатарында сала мамандарының өздері де бар болып шыққан.Олар киікті қорғаудың орынына, броконерлермен ауыз жаласып, бар схеманы өздері сызып берген.
Бүгінде броконерлерден 18 техника тәркіленіпті. Мемлекетке келтірілген шығын да есептеліп қойған. Киікті рұқсатсыз аулау қылмысқа жатады.Қазақстанда киікті тек ғылыми мақсатқа ғана ұстауға рұқсат етілген.
Қазір сала мамандары мектептер мен жоғары оқу орындарын аралап, қызыл кітапқа енген жануарды қорғау мәселесіне қатысты дәріс оқып, заңсыз киік аулаудан сақтандыру мақсатында насихат айтып жүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.