Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да қауіпті өнімдерді саудадан шеттету үшін 6 млн. теңге бөлініп отыр

c 18:25, 21/02/2018 c 884

0:00 / 0:00

БҚО-да былтыр тағамдық және тағамдық емес өнімдерден алынған сынамалардың 11 пайызының сапа талаптарына сай келмейтіні анықталған. Ал биыл мемлекеттен бөлінетін қаржы сомасы артып, дүкендерден зертханалық сараптамаға алынатын өнімдер көлемі де ұлғайып отыр.

Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік бюджет есебінен санитарлық-эпидемиялогиялық бақылаудың формасы ретінде сатып алу жүргізіледі. Ет, сүт, күріш, сусындар, балалар тағамы, көкөністер мен жеміс-жидектер және алкоголь өнімдері де сараптамада тексерілген.

Өнім қауіпсіздігін бақылау үшін 2017-жылы 3 жарым млн. теңге бөлінсе, биыл 6 млн. қарастырылыпты. 268 сынаманың Кеден одағының техникалық регламенттеріне сай келмейтіні анықталған. Тағам өнімдеріндегі сәйкессіздік 4 пайызды құраса, оның 85-і кеден одағына мүше мемлекеттер мен отандық өндірушілерге, ал 14 пайызы шетелдік өндірушілерге тиесілі болып шыққан.

Былтыр департаментпен жоспардан тыс 5 тексеріс ұйымдастырылып, сәйкессіздіктерді жою туралы 60 ұйғарым дайындалған. Осылайша жалпы сомасы 181 520 теңгені құрайтын 5 айыппұл салыныпты.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті шағым түспейінше ешбір бизнес өкілін тексеруге құқығы жоқ екенін айтады. Сол себепті өнім сапасына байланысты күмән болса, тұтынушы арыз жазуы керек. Қазір бұл қызметті оңтайландыру үшін ғаламтор арқылы арыз-шағым қабылдау жүйесі де жұмыс жасауда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.