Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да есірткі құрамдас дәрі-дәрмектер емін-еркін сатылып жатыр

c 00:00, 25/02/2015 c 881

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде БҚО-ның ІІД есірткі саудасына қарсы күрес басқармасы мәлімдеді. Соның ішінде "Солпадеин" препараты мен "Тропикамид" атты көз тамшылырының саудасы қызып тұрған көрінеді. Негізінде бұл препараттардың құрамында есірткі тектес заттар болғандықтан тек дәрігердің рұқсатымен сатылуы тиіс. Бірақ бүгінде кез-келген адамның оны оңайлықпен сатып алып жатқаны анықталып отыр. Солпадеинді қабылдаған адамның көңіл-күйі нашарлап, өмір сүруге қызығушылығы азаяды. Көңілінің хошы болмай, мең-зең күйге түседі. Ал, көзге тамызатын тропикамидті тамырына еккен нашақордың көзі бұлыңғырланып, тіпті соқыр болып қалады. Денесі іріп, ғұмыры бір жылдан аспайды екен. "Адам үшін аса қауіпті дәрілердің еркін сатылуына жол бергендерге жазаны күшейту керек",- дейді БҚО ІІД есірткі саудасына қарсы күрес басқармасының бастығы Жүргізілген тексерістен кейін де бақылау мен шектеудің жоқтығынан ба, әйтеуір дәріханалар мен мед. ұйымдар құқықбұзушылыққа жол беріп отырғанын байқадық. Дәрігердің рұқсатынсыз құрамы есірткі заттарына пара-пар дәрілердің еркін сатылуына құзырлы мекемелер бір шара қолданады деп үміттенеміз. Себебі ешқандай қиындықсыз қол жеткізуге болатын есірткі заттарынан адам өміріне төнетін қауіп пен келетін залал орасан екені белгілі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.