Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да диагностикалық орталық саттықа шығарылды

c 18:01, 25/01/2018 c 1025

0:00 / 0:00

Ондағы мақсат-медициналық мекеменің қызметін дамытып, сақтап қалу үшін сенімді басқару жүйесіне табыстау. Айта кетейік, орталық былтырғы жылы да саттыққа қойылған болатын. Алайда лайықты сатып алушының анықталмауына байланысты аукцион өткізілмей қалған болатын.

Диагностикалық орталық заманауи, қымбат құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мәселен компьютерлік томограф пен ултра дыбысты зерттеу жүйесінің құны 1 млрд теңгені құрайды. Бұл әрине мекеменің саттыққа қойылатын бағасына да өз әсерін тигізбей қоймасы анық. Сол себепті тәуелсіз сарапшылармен бағаланған құны 2 млрд. теңгені құрайды. Жақын аралықта орталық электронды түрде порталмен аукцион арқылы сатылады.

Облыста сенімді басқаруға табысталған мекемелер жоқ емес. Соның бірі- салауатты өмір салтын сақтау орталығы болса, екіншісі-балалар стоматологиясы. Бірақ тұрғындар нысандардың жеке қолға өту мәселесін құп көрмейтіндерін аңғартты.
2017 жылы облыста 6 нысан жалпы сомасы 175 млн. теңгеге сатылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.