Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО- да броконьерлермен күресуге инспекторлар жетіспейді.

c 17:10, 05/02/2019 c 895

0:00 / 0:00

БҚО броконьерлермен күресуге инспекторлар жетіспейді.Бұл туралы мәжіліс депутаты Роман Ким қатысқан жиында мәлім болды.2018 жылы броконерлерге қатысты 142 қылмыстық іс қозғалыпты. БҚО ПД болған кеңейтілген жиын барысында броконьерлермен күрес мәселесі талқыланды.Қазақ даласының ең байлығы саналатын киіктер мен қызыл балық, басқа да қымбат терілі жануарлар ақшаға құныққандардың құрбаны болып тұр.Дала тағыларын қорғау мақсатында полиция өкілдері рейдтік шаралар ұйымдастырып тұрады.
Бұдан бөлек 2018 жылдың соңыңда ұйымдасқан тағы бір қылмыстық топ қолға түскен. Олар аулауға тиым салған балық түрлерін аулап, уылдырығын саудалаумен айналысқан.Қылмыстық топтан 2 тонна балық пен 100 кг уылдырық тәркіленіпті.Қазір іс қаралып жатыр.Жалпы саны 396 құқық бұзушылық әрекеттері бойынша былтыр әкімішілік хаттамалар толтырылыпты.Өкінішке орай броконьерлермен нақты күресуге қажетті мамандар жетіспейді.
Ал, жиынға қатысқан Парламент мәжілісінің депутаты Роман Ким адам санының аздығына байланысты броконьерлермен күрес қиындай түседі деді.Бұдан басқа осы салада гуманизация мәселесі қылмыскерге қатаң шара қолдануға мүмкіндік бермей отыр деді өз сөзінде.Ереже бойынша броконьерлер көбіне жеңіл- желпі жаза түрлеріне кесіледі екен.Шара барысында полицейлер депутаттан осы мәселені жоғары мінберден көтеріп, жазаны қатаңдату туралы ұсыныс беруін сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.