Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да биыл егілетін жем-шөптік дақылдың көлемі артқалы отыр

c 00:00, 16/03/2015 c 795

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде ауыл шаруашығы басқармасы хабарлады. Ал, егін алқаптары мен себілетін бидайдың мөлшері өткен жылғы мөлшер шамасында сақталып қалады. Соның ішінде, жоспар бойынша, 274 мың гектар алқапқа жаздық дәнді-дақылдар егілуі тиіс екен. Биылғы жылы мал азықтық дақылдарына басымдық берілгелі отыр. Себебі жыл санап, мал шаруашылығымен айналысу қарқыны алға ілгерілепті. Соған сай сұраныс та артуда. 180 мың гектар алқапқа мал азығы егілсе, картоп пен бау-көкөніс көлемі 11 мың 600 гектарды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда мың жарым гектарға алқап көлемі артып отыр. Көктемгі егін науқанына 4 мыңдай трактор, 5 мыңдай тұқым сепкіш техинка, 50 жоғары өнімді кешен жұмылдырылады. Дихандар бұл жұмыстарды биыл жылдағыдан ерте қолға алғалы отыр. Себебі көтемнің ерте шығуынан сәуір айында жер ананың қойны тұқым себуге дайын болады деп күтілуде. Егін егу жұмыстарын атқаруға Атырау мұнай өңдеу зауатынан 12 мың тонна жанармай бөлінеді. Қазір оператор ретінде Орал терминал ЖШС таңдалып, сұйық отынның әр литрі 86 теңгеден белгіленіпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.