Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да 3 көлік жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды

c 14:58, 29/07/2019 c 672

0:00 / 0:00

БҚО - да 3 көлік жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал, көлікті мас күйінде басқарған 48 адам полицияның қолына түсті. Сол 48 адамның үшеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. Себебі олар жүргізуші куәлігінсіз машина жүргізген. БҚО бойынша 5 күн бойына жүргізілген жедел профилактикалық шарасы аясында 3 мыңның үстінде құқық бұзушылық анықталып отыр. Жолдағы апаттарды азайту, жолдағы қауіпсіздікті күшейту.Қазір БҚО Жол патрульдік полициясы осы мақсатта қызмет етіп жатыр.5 күн бойына тыңбай еңбек еткен полицейлер 3 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтап отыр.Солардың ішінде жылдамдықты асырғаны үшін 381 жүргізуші жауапкершілікке тратылды.48 Жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 3 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.
Көлікте келе жатып ұялы телефон қолданғаны үшін 275 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.Ал заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан 9 көлік жүргізушісіне қатысты да хаттама толтырылып отыр.5 күн бойына жүргізілген рейд жұмыстары барысында полицейлер планшет арқылы хаттамалар толтырып отырған.Бұл полиция жұмысын жылдамдатып, уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Жол көлік оқиғаларының саның азайтып, жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге полицейлер қанша тырысқанмен егер адамдар өздері қауіпсіздік талаптарын сақтамаса қол жетер жетістік аз болмақ.Рейд барысында 500 жүргізуші қауіпсіздік белгісін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.Полиция қызметкерлері қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып , адамдарға жолда мұқият болуға үндейді.
Рейд жұмыстарын қорытындылаған полицейлер әр адам жол қауіпсіздігін өзі үшін сақтаса екен дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.