Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО, Бөрлі ауданының Березов ауылының тұрғындары балаларын шетелдік медцина ұйымдарына жолдауды өтінуде

c 00:00, 25/02/2015 c 540

0:00 / 0:00

Осы мақсата олар облыс орталығына арнайы келді. Алайда олардың бұл сұранасы қанағаттандырылмай отыр. Естеріңізге сала кетейік, қараша айында аталмыш ауылда мектеп оқушылары белгісіз улы заттан уланып, есінен танып құлады. Қаншама тексеріс жүргізілді. Арнайы құрылған комиссия тұрғындарды басқа жерге көшіруден бас тартты. Алда жағдай қалай болмақ? Березов ауылының тұрғындары балаларын Қытайға немесе Израилға жіберу туралы талап-өтінішпен алдымен облыс әкімдігіне бас сұқты. Ата-аналардың айтуынша, отандық медициналық ұйымдардан еш қайыр жоқ,тіпті олар дұрыс диагнозын қоймай, бір баланың жүрегі, екіншісінің омыртқасы аурады деп емдеп жатыр. Онда неге бәрі есінен танып, дірілдеп құлайды дейді көз жастары көл болып. Осыған дейін Березовтағы балаларды қалаға немес аудан орталығындағы мектеп-интернаттарда оқыту мәселесі көтерілген еді. Алайда бұндай жолмен баламның денсаулығын жақсарта алмадым деп шағымданғандар да болды. Олардың басындағы бұл жағдайды шешіп немесе қандай бір шара қолдануға денсаулық сақтау басқармасы құзырлы. Сондықтан шұғыл жүрісті бір топ ата-ана аталмыш мекемеге бет бұрды, басқарманың басшысы оларды қабылдап, алыс шетелге барып емдету талаптарын қанағаттандырмапты. Сонымен денсаулық сақтау басқармасы ата-аналарға бір аптадан соң қайтадан облыс орталығына келу қажеттігін мәлімдеген. Сол кезде балалар тағы бір тексерістен өтетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.