Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО әкімі Ғали Есқалиев денсаулық сақтау саласындағы жұмыстардың қазіргі жәй-күйімен танысты

c 18:12, 20/11/2019 c 495

0:00 / 0:00

Атап айтсақ, аймақтың бас дәрігерінен өңір медицинасы саладағы түйткілді мәселелерді тыңдап, ұлт сауылығына үлесі зор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілу қарқынын саралады. Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі келер жылдың қаңтар айынан бастап енгізіледі. Яғни медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады деген сөз.Қазіргі таңда жұмыс берушілер қорға ақша аударып жатыр. Бүгінгі күні шаруа қожалықтары да медициналық сақтандыру базасына тіркеуге алынған. Ал, жұмыста жоқтар жұмыспен қамту мекемесіне баруы тиіс.  Медициналық сақтандыру заң жобасы азаматтарға медициналық қызметтің 3 түрін ұсынбақ. Айталық, базалық пакетке республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, сондай-ақ шұғыл жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіретін болады. Ал, 15 санатқа жатқызылатын балалар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар; ҰОС ардагерлері мен мүгедектері; мүгедектер; жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар медициналық сақтандырудан босатылады.
Биыл медициналық көмекті қаржыландыруға 34,8 млярд теңге жұмсалса,келер жылы 42,1 млярд теңге бағытталып отыр. Бүгінгі күні аталмыш саладағы пилоттық жоба Қарағанды облысында қолға алынып отыр. Аталмыш аймақта компьютерлік-резонанстық томография сынды диагностикалық қызметтерге сұраныс артқан. Сонымен қатар, бұл бағытқа 400 мыңнан астам дәрігер оқытылған. "Медициналық сақтандыру" Заңы 2017 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Мелекет 15 санатқа жатқызылатын ел азаматтарына 2017 жылы 3 пайыз, 2018 жылдан бастап 4 пайыз, 2023 жылы 6 пайыз, 2024 жылы 7 пайыз төлейтін болады. Ал, жұмыс жасаушылар 2019 жылдан бастап 1 пайыз, 2020 жылдан бастап 2 пайыз медициналық сақтандыруға ақы төлемек. Жаңа жүйеге қатысты сауалдарды 1406 байланыс орталығына хабарласып, толық мәлімет алуға болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.