Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО әкімі аппаратының басшысы өзгерді

c 08:56, 27/04/2022 c 826

0:00 / 0:00

Кадрлық өзгеріс одан әрі қарай жалғасты. БҚО әкімі аппаратының басшысы өзгерді. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Абат Абайұлы Шыныбеков БҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.Аймақ активінде айтылғандай, облыс әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев денсаулығына байланысты қызметтен өз еркімен босатылған. Оның орнына БҚО әкімінің өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Орал қаласының бұрынғы әкімі Абат Шыныбеков тағайындалды.
Еңбек жолын 1995 жылы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған Абат Шыныбеков әр жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, БҚО әкімі аппаратының инспекторы, бөлім басшысы, Казталов ауданы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ төрағасының орынбасары, Орал қалалық мәслихатының хатшысы, Сырым және Казталов ауданының әкімі болып қызмет атқарды. Күні бүгінге дейін Орал қаласының әкімі болып еңбек етті. Активте облыс әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Берік Батаев облыс әкімі Ғали Нәжмиденұлына жиналғандар алдында ризашылығын білдірді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.