Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО 25 АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ «ІЗГІЛІК ЕЛШІСІ» ЖОБАСЫМЕН БІРГЕ КЕЛЕ ЖАТЫРҒАН ЖАҢА 2020 ЖЫЛДЫ АТАП ӨТТІ

c 18:00, 22/12/2019 c 960

 

2019 жылдың 22 желтоқсан күні «Ізгілік елшісі» жобасы аясында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық фондымен бірлесіп облыстың аудандар мен ауылдық округтерінің 25 аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына арналған Жаңа жылдық шырша ұйымдастырды.

Жаңа жылдық шырша 2 мен 15 жас аралығындағы балалар мен олардың ата-аналары шақырылды.

Департамент атынан балаларға арнайы сыйлықтарымен чемодандар, ата-аналарына өздерінің Жаңа жылдық дастархандарын жабдықтау үшін жеміс-жидектер мен азық-түліктер табыс етілді.

Мерекелік шараға Облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы филармония ансамблінің орындауындағы Аяз ата мен Ақша қар, «Баба-Яга», «Шрек» және «Есек», «Фиксиктер» сияқты ертегі кейіпкерлері қатысты.

Өз сөзінде Департамент басшысы балалар еліміздің болашағы екендігін атап өтіп, барлықтарына мықты денсаулық, жарқын болашақ және барлық армандарының орындалуын тіледі.

«Ізгілік елшісі» жобасы жастарды волонтерлікке көптеп тарту арқылы азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруды және санасын өзгертуді көздейтіндігін және қоғамда парасаттылық, адалдық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыруға бағытталғандығын естеріңізге саламыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.