Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнесті қорғау

c 17:27, 02/10/2020 c 658

0:00 / 0:00

БҚО-да "protecting business and investments" жобасы жүзеге асып жатыр. Аталмыш жоба бизнеске тұсау болатын жағдай мен инвестицияның тартылуына кедергі келтіретін жайттарды болдырмауды мақсат тұтады. Қазіргі таңда кәсіпті қорғауға арналған жобаға 22 компания қатысып, 852 млрд теңге көлемінде қаражатты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сүйемелдеп келген.

Өңірде жұмыс жасайтын кәсіпкерлер мен инвесторлардың жұмысына тұсау болмай, олардың уақытын үнемдеу мен қосымша әкімшілік кедергілерді жою үшін облыста "protecting business and investments" жобасы іске асуда. Осы жобаға қатысқан бизнесмендер толыққанды сыбайлас жемқорлықтан бас тартуы шарт. Десек те, өңірде бизнестің дамуын тежейін бірқатар олқылықтар бар. Тіпті, қылмыс та тіркелген. 2019 жыл мен күні бүгінге дейін 13 қылмыс тіркеліп, 15 тұлға жауапкершілікке тартылған. Мамандар 20 кәсіпкердің құқығын қорғапты. Қылмыстардың көбі мемлекеттік сатып алу саласында тіркелген.

Аталмыш жоба "Қазақинвест" және "Ақжайық" әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асуда.

Мамандар қазір "Сырым" бекетінде жүк көліктерінің құжаттарын тексеруде біраз қиындықтар бар екенін айтады. Әрбір жүк көлігінің қағазын түгендеп, шекарадан өткізу үшін кемінде 10 минут уақыт өтеді. Шекара шебінде көліктердің құжатын небары 2 маман қабылдайды. Ал шекарадағы жолақтардың жалпы саны 8. Бекеттегі интернет мәселесі де азаматтарды қабылдауға зиянын тигізуде. Сала мамандары осы мәселені шешу үшін құзыретті мекемеге хат жолдадық,- дейді. Кәсіпкерлер бизнесті дамытуда қандай да бір мәселемен бетпе-бет кездессе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің мамандарына жолыға алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.