Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнесті қолдау

c 17:34, 06/11/2020 c 456

0:00 / 0:00

БҚО-да 53 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Олардың 45-мыңы қазір жұмыстанып жатыр. Бизнес субъектілерінде 120 мыңға жуық батысқазақстандық еңбектенуде. Елімізде бизнес субъектілерінінің кәсібін дөңгелету мен оларды қолдауға арналған үш мемлекеттік бағдарлама бар. Солардың бірі "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс жасайды.

Елімізде бизнесті ашуға, оны дамытуға арналған үш бағдарлама бар. Соның бірі- "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы. Биыл осы бағдарламаны орындау үшін қазынадан 1,7 млрд теңгедей қаражат бөлінген.

Осы жылы "Бизнестің жол картасы" бағдарламасына өзгерістер енген. Енді аталмыш бағдарламаға кәсіпкерлердің барлығы қатысуға мүмкіндік алды. Бұрын экономиканың басым бағыттарына арналған еді. Жалпы бағдарлама төрт бағыт бойынша іске асып келеді.

Бағдарламаға қатысып жатқан кәсіпкерлердің қарасы жыл санап артып келеді. Солардың бірі -Асылбек Әлібеков. Ол кәсібін кеңейту үшін жеңілдетілген несие алған.

"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы 2025 жылға дейін жүзеге аспақ. Қазіргі таңда БҚО-да 53 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан тіркелген. 120 мыңға жуық батысқазақстандық жекеменшік нысанда еңбектенуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.